Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы туралы

Admin Karаganda UO:

Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы туралы

📚Бірінші тоқсан шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылды мектептерді қоспағанда, еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту форматында басталады.

📍Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша, ахуал жақсарған жағдайда, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.

📍Алдағы уақытта халықтың  ауыру деңгейі тұрақты төмендеуіне байланысты, мектептерді ақырындап аралас оқыту және штаттық форматта оқытуға  көшіру жүргізілетін болады.

🎓Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқыту қашықтан оқыту режимінде ұйымдастырылатын болады.

Дәстүрлі формат

📍жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін болады;

📍шалғайда орналасқан колледждерде аз контингентімен санитарлық режимді нығайта отырып өткізіледі.

@edu_news_qz

https://www.instagram.com/edu_news_qz/