«Kóńіldі notalar» estradalyq án úıіrmesі - Кружок эстрадной песни «Көңілді ноталар» - (5 - 15)



Теміртау қаласының «Әлем» балалар жасөспірімдер орталығындағы
«Көңілді ноталар» эстрадалық ән үйірмесі туралы ақпарат

 «Көңілді ноталар» қосымша білім беру эстрадалық ән үйірмесіне 6-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысады.

 Дауыспен ән айту адамға рухани күш береді. Ән айтатын бала өзін жан жақты түрлендіреді. Ішкі әлемін кеңейтіп,  басқаның жан дүниесін түсіне алады. Үйірмеде тәрбиеленушілерді ән арқылы елін, жерін, ата-анасын, достарын, отанын сүюге деген патриоттық сезімдерін оятып эстетикалық көркем мінез құлықтарын қалыптастыруға үйрету.

Балалардың музыкалық сауатын аша отырып, ырғақ сезімін дамыту, әнді мәнерлеп орындау дағдыларын қалыптастыруға баулу,  сонымен бірге ән салу, музыка тыңдау, ырғақты дұрыс қабылдай білуге үйрете отырып ән айту шеберлігін артыру.

– Оқушылардың әнге деген  қызығушылығын қалыптастырып,  жоғары көркемділікті түсініп, оны бағалауға үйрету;
–  Ырғақ сезімін, музыкалық есте сақтау мен қабылдауды, әншілік дауысты дамыту;
–   Музыкалық пластикалық қозғалыстар, орындайтын шығармаларды  сахналандыру секілді дағдылар мен практикалық білімдерді меңгеру;
– Ән айту барысында музыкалық сауаттылық  элементтерінен білім беру;
– Оқушыларды әнді дұрыс тыныс ала отырып айтуға үйрету;
– Әннің әуенін таза айтуға;
– Музыкалық шығармалардың сөзін анық және нақты білуге үйрету;
– Дауыс диапазонын дамыту;
– Балалардың есту қабілетін дамыту;
– Әнді әсерлеп айтуға үйрету;
– Оқушылардың бойындағы қабілетін аша түсіп, өнермен араласу барысында жетістікке жетуіне ықпал ету;
– Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып,  табиғаттқа, айналасындағы адамдарға деген махаббатқа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қосымша білім беретін «Көңілді ноталар» үйірмесінің ерекшелігі, әр баланың музыкалық білімін дамытуға негізделе отырып, музыкалық мәдениетті меңгеру барысында ән айта білу мәдениетін қалыптастыру.

Үйірме тәрбиеленушілері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

Біздің мекен-жайымыз:
Теміртау қаласы «Әлем»БЖО 70 квартал 10/1 үй
тел: (7213)98-06-19
e-mail: detiduc08@mail.ru
Филиалы: Ақтау кенті, 8 квартал – 54
тел.: 94-07-43

Сайт: www.ducalem.kz
Вконтакте: vk.com/ducalem
Мой Мир: ГККП ДЮЦ Әлем
Instagram: duc_alem
Facebook: facebook.com/alem.temirtau
Одноклассники: ok.ru/ducalem
Telegram: t.me/ducalem_kz