"Мирас" вокалды-аспаптық ансамблi өзiнiң 2020 - 2021 оқу жылына арналған онлайн есеп беру концертiн өткізді

“Мирас” вокалды-аспаптық ансамблi өзiнiң 2020 – 2021 оқу жылына арналған онлайн есеп беру концертiн өткізді. Тәрбиеленушілер түрлі қиындықтағы күйлер мен әндерді орындады. “Мирас “ВАА тәрбиеленушілері осы оқу жылы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардан жүлделі орындарға ие болып марапатталып жатыр. Балалардың жылдан жылға домбыраға, әнге деген қызығушылығы артып жатқаны қуантарлық жағдай, бұл дегеніміз қазақ халқының ұлттық аспабының келешек ұрпаққа жеткізудегі, олардың қызығушылығын арттырудағы мұғалімдеріміздің үлесі орасан зор екендігін білдіреді(жетекшілері: К.Ж.ШАймерденова, Р.С. Кайрошова, Қ.Б.Әбдірахман).